АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Атырау қаласы Ақсай ауылының маңында мұз ойылып, көлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 21 қаңтар күні сағат 17:40 шамасында болған. Ер адам көлікпен мұз қатқан өзенге шыққан. Кенеттен мұз ойылып кетіп, көлік суға батқан.
"Зардап шеккендер жоқ. Салонда болған екі адам көліктен шығып үлгерген. Осы дерек бойынша 19 жастағы автокөлік жүргізушісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 412-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", - дейді құтқарушылар.
Атырау облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды мұз үстіне автокөлікпен шығудың аса қауіпті екенін ескертіп, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.