Астанаға Бораттың киімін киіп келген бельгиялық фанаттарға қатысты сот шешімі шықты

Sputnik
АСТАНА, 22 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов "Брюгге" фанаттарына қатысты қандай шешім қабылданғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Астанадағы "Қайрат" пен "Брюгге" арасындағы матчтан кейін Борат киімін киген адамдардың видеосы тараған болатын. Оны бельгиялық фанаттар стадионға киіп келген. Сол үшін барлығы полицияға жеткізілді.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, фанаттар қамауға алынды.
"Брюгге" фанаттары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларды 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімі бар", - деді Әділов сенаттағы брифингте.
Айта кетері, сол матчта “Брюгге” командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті.