Астанада қоғамдық тамақтану орындарында бақылау күшейді

Былтыр Астанада қоғамдық тамақтану нысандарында шамамен 50 өрт оқиғасы тіркелді
Sputnik
АСТАНА, 22 қаңтар - Sputnik. Астанада қоғамдық тамақтану нысандарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша рейдтері жалғасып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өткен жылдың 27 желтоқсанынан бастап елордада қоғамдық тамақтану орындарын тұрақты түрде аралап, түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Қазіргі таңда шамамен 270 нысан қамтылған.

"Былтыр Астанада қоғамдық тамақтану нысандарында шамамен 50 өрт оқиғасы тіркелді. Осыған байланысты алдын алу жұмысы күшейтілді", – деді Алматы ауданы ТЖБ басқармасы бастығының орынбасары Асхат Қабиденов.

Рейдтер барысында өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі, сондай-ақ өрт сөндіргіштерді қоса алғанда бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану ережелері түсіндіріледі
Жұмыс барысында сору жүйелерінің жай-күйіне, электр жабдықтарының және электр сымдарының жарамдылығына, сондай-ақ оларды пайдалану талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады. Себебі дәл осы факторлар өрттің шығуына жиі себеп болады.
Ақтөбеде газ жарылды: бес адам зардап шекті