Жеке деректерді таратқаны үшін қылмыстық жаза енгізілуі мүмкін

Қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін 21,6 млн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі дербес деректерді жаппай таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, алдымен қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5 000 айлық есептік көрсеткішке (2026 жылда - 21,6 млн теңгеге) дейін жеткізу жоспарланып отыр.
"Бұдан бөлек дербес деректер жаппай тарап кеткендіктен қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз", - деді Коняшкин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, отырыста президенттің ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары қаралды. Бектенов әрбір басшыдан көзге көрінетіндей нақты нәтижелерді талап етті.
Қазақстандықтардың жеке деректері қолды болды: Тоқаев ұлттық мессенджерге көшуді тапсырды