Тоқаев Трамптың шақыруымен Давос қаласына барады

Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысады
Sputnik
АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев 22 қаңтар күні Давос қаласына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсіміне қатысу үшін Давос қаласына жұмыс сапарымен барады", - деп жазылған хабарламада,
Дүниежүзілік экономикалық форум Швейцарияның Давос қаласында 19-23 қаңтар аралығында өтеді.
Трамп Тоқаевты Газа бойынша бейбітшілік кеңесіне шақырды