АСТАНА, 21 қаңтар – Sputnik. Давоста Украинаны қалпына келтіру жоспарына қол қою кейінге қалдырылды, деп хабарлады РИА Новости Financial Times баасылымына сілтеме жасап.
"Осы аптада Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда Украина, Еуропа және АҚШ келісуі тиіс 800 миллиард долларлық "өркендеу жоспарының" жариялануы кейінге қалдырылды", - деп хабарлады басылым аты аталмаған шенеуніктерге сілтеме жасай отырып.
Бұл АҚШ пен Еуропа арасындағы Гренландия және президент Дональд Трамп ұсынған Газа бейбітшілік кеңесі бойынша келіспеушіліктерге байланысты болды.
ЕО мен АҚШ арасындағы шиеленіс ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері арасындағы құжатты талқылауды бұзды. Сол себепті АҚШ дүйсенбі күні кешке келіссөз жүргізуі керек өкілді жібермеді.
Сонымен қатар басылым дереккөздерінің мәліметі бойынша, Украинаны қалпына келтіру жоспарына кейінірек қол қойылуы мүмкін.
Дүниежүзілік экономикалық форум Давос қаласында 19-23 қаңтар аралығында өтіп жатыр. АҚШ президенті сәрсенбіде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.