Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей Украина дағдарысын дипломатиялық жолмен шешкісі келеді - Лавров

Бірақ Еуропа елдері АҚШ президенті Дональд Трампты Украинаға қатысты ұстанымын өзгертуге көндіруге тырысып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Ресей Украина дағдарысын дипломатиялық жолмен шешкісі келеді, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Президент Путин бірнеше рет айтқандай, біз Украина дағдарысын дипломатиялық жолмен шешу бағытын ұстанамыз", - деді Лавров Ресейдің 2025 жылғы дипломатиялық қызметін қорытындылаған баспасөз мәслихатында.
Ол Еуропа елдері АҚШ президенті Дональд Трампты Украинаға қатысты ұстанымын өзгертуге көндіруге тырысып жатқанын айтты.
"Біздің батыстық, ең алдымен еуропалық көршілеріміз бұл келісімдерді бұзу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Олар Дональд Трамп әкімшілігі ұсынған бастамаларға қатысты да солай әрекет етіп, АҚШ әкімшілігін Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізбеуге барлық жолмен көндіруге тырысып жатыр", - деді Лавров.
Ресей СІМ өкілінің айтуынша, олар Ресеймен соғысқа дайындалып жатқандарын жасырмайды.
"Егер еуропалық саясаткерлердің, көшбасшылардың, тіпті Кая Каллас пен Урсула фон дер Ляйен, Мерц, Стармер, Макрон немесе Рюттенің мәлімдемелерін оқысаңыздар, олар Ресей Федерациясына қарсы соғысқа шындап дайындалып жатыр. Шын мәнінде, олар мұны жасырып жатқан жоқ", - деді Ресей сыртқы істер министрі.