АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. Еуропа елдері АҚШ президенті Дональд Трампты Украина мәселесі бойынша өз ұстанымын өзгертуге көндіруге тырысып жатыр, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Біздің батыстық, ең алдымен еуропалық көршілеріміз бұл келісімдерді бұзу үшін бар күшін салды. Дональд Трамп әкімшілігі ұсынып отырған бастамаларға қатысты да олар дәл солай әрекет етуде – америкалық әкімшілікті Ресей Федерациясымен келіссөз жүргізбеуге көндіруге барынша тырысып жатыр", — деді Лавров Ресейдің 2025 жылғы дипломатиялық қызметін қорытындылаған баспасөз мәслихатында.
"Егер сіз еуропалық саясаткерлердің, лидерлердің, тіпті Кая Каллас пен Урсула фон дер Ляйеннің, Мерцтің, Стармердің, Макронның, Рюттенің мәлімдемелерін оқысаңыз, олардың Ресей Федерациясына қарсы соғысқа шындап дайындалып жатқанын көресіз. Олар мұны жасырып отырған жоқ", — деп атап өтті РФ СІМ басшысы.