Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Украинаға берілетін кредиттегі өз міндеттемесін толық орындады

Sputnik
АСТАНА, 20 қаңтар – Sputnik. "Үлкен жетілік" (G7) елдері бұғатталған ресейлік активтерден түсетін кірістер есебінен Украинаға берілетін 45 миллиард еуро көлеміндегі кредиттің 35 миллиард еуросын аударды. Ал Еуроодақ өзіне тиесілі бөлігін толық көлемде бөлді. Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз конференциясында экономика жөніндегі комиссар Валдис Домбровскис мәлімдеді.
"G7 аясындағы кредит бойынша Украинаға қазірдің өзінде 35 миллиард еуро бөлінді (бекітілген кредиттердің жалпы көлемі – 45 миллиард еуро). Еуроодақ серіктестердің де өз міндеттемелерін бірінші тоқсанда орындауын талап етіп отыр, себебі сәуір айында қолжетімді болатын жаңа кредитке дейін Украинада қаржылық тапшылық туындамауға тиіс", — деп түсіндірді ол.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Еуропа Трампты Украина бойынша ұстанымын өзгертуге көндірмек – Лавров