АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. Түркияның Украинадағы қақтығыс бойынша делдалдығы, сондай-ақ Сирия мен Газа секторындағы жағдай ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өтетін министрлер кабинет отырысында талқыланады, деп хабарлады РИА Новости.
"Украина, Сирия және Газадағы жағдайлар Президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өтетін кездесудің күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар болады. "Террорсыз Түркия" процесі және экономикалық мәселлер де күн тәртібінде талқыланады", - деп хабарлады РИА Новости түрік дипломатына сілтеме жасап.
Түркия көшбасшысы кездесуден кейін халыққа дәстүрлі үндеуін жасайды деп күтіліп отыр.
Бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Украинадағы қақтығыс тараптары қазір бейбітшілік келісімін жасауға бұрынғыдан да жақын екенін мәлімдеді.
Дегенмен министр бұл қорытындының неге негізделіп отырғанын нақтылаған жоқ.