АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Жаңаөзенде төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көліктің қатысуымен болған жол апаты болды деген хабарлама әлеуметтік желілерде тарады.
Жол апатында адамдар қайтыс болғаны туралы хабарланды, полиция Sputnik Қазақстан тілшісіне бұл ақпаратты растады.
"18 қаңтар түні Жаңаөзен қаласындағы Манат көшесінде Lifan көлігі мен шақыруға бара жатқан өрт сөндіру көлігінің қатысуымен жол апаты болды. Соқтығысу салдарынан өрт сөндіру көлігі қоршауға және жеке үйге соғылды", - деп хабарлады полицияда.
Жол апатынан екі адам көз жұмды, тағы бес адам, оның ішінде өрт сөндіру бөлімінің үш қызметкері ауруханаға жеткізілді.
Полиция апаттың мән-жайы мен себептерін анықтау үшін сотқа дейінгі тергеуді бастады.