АСТАНА, 19 қаңтар - Sputnik. 2026 жылы ЕАЭО Одақ елдері арасындағы бірлескен жобаларды қолдауға үш есе көп қаражат бөледі.
Яғни, 2025 жылмен салыстырғанда үш есе көп – 9 миллиард рубль.
Бұл бағытқа 2025 жылы 3 миллиард рубль, ал 2024 жылы 1,8 миллиард рубль бөлінді.
2025 жылы осындай бес жоба мақұлданды, оның ішінде үшеуі Қазақстан қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар. Бұл жобалар машина жасау және теміржол салаларына қатысты.
Жоба қаржылық қолдау алуы үшін оған ЕАЭО-ның үш немесе одан да көп елінің кәсіпорындары қатысуы керек.