Australian Open – 2026: Александр Бублик бірінші айналымда Бруксбиді жеңді

Бубликтің келесі қарсыласы венгриялық Мартон Фучович болады
Sputnik
АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Әлемнің 10-ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты. Ол алғашқы матчында америкалық Дженсон Бруксбиді (әлемдік рейтингте 48-орын) жеңді.
Кездесу 2 сағат 5 минутқа созылып, 6:4, 6:4, 6:4 есебімен Бубликтің пайдасына аяқталды.
Келесі айналымда Александр Бублик Венгрия өкілі Мартон Фучовичпен (әлемнің 55-ракеткасы) кездеседі. Ойын 21 қаңтарға жоспарланған.
Australian Open турнирі 1 ақпанда аяқталады.
Қазақстанның тағы бір теннисшісі үздік ондыққа енді