Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинада бүтін электр станциясы қалған жоқ - елдің энергетика министрлігі

Sputnik
АСТАНА, 17 қаңтар – Sputnik. Украинада зақымданбаған бірде-бір электр станциясы қалмады. Бұл туралы Украинаның энергетика министрі әрі бірінші вице-премьер Денис Шмыгаль мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Украинада соққыға ұшырамаған бірде-бір электр станциясы қалған жоқ. <...> Мыңдаған мегаватт генерация істен шығарылды", — деді ол Жоғарғы Радада.
Ең күрделі жағдай Киев қаласында, сондай-ақ Киев, Днепропетровск, Одесса және Харьков облыстарында қалыптасып отыр. Шмыгальдың айтуынша, энергия тұтынуға қатаң шектеулер енгізілгеніне қарамастан, елдің энергожүйесі тұтастығын сақтап отыр.
Жұма күні Украинада электр жарығының күрделі үзілістеріне байланысты энергетика саласында төтенше жағдай режимі жарияланды. Мемлекеттік компанияларға қыс мезгілінде электр энергиясының кемінде жартысын шетелдік жеткізушілерден сатып алу міндеті жүктелді.
Қазан айынан бері Украинада энергетикалық желілер мен коммуналдық инфрақұрылымдағы ақаулар салдарынан электр жарығының жаппай әрі бірнеше сағатқа өшірілебасталды. Елдегі электр энергиясын өндіру мүмкіндігі айтарлықтай төмендегенімен, халықтың тұтыну қажеттілігі бұрынғы деңгейде сақталып отыр.
Бірнеше күн қатарынан Киев тұрғындары ұзаққа созылған апаттық өшірулер салдарынан электр жарығынсыз қалып келеді. Қала әкімі Виталий Кличко электр және су қамтамасыз ету жағдайын аса күрделі деп бағалады.
Google Trends деректеріне сәйкес, 2025 жылы Украинада ең көп ізделген сұраныстардың бірі "электр жарығын өшіру кестесі" болған.