Қысқы Олимпиада отандық екі арнадан көрсетіледі

Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты 6 ақпан күні өтеді
Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Италияда өтетін XXV қысқы Олимпиада ойындары "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Олимпиада кезінде корпорацияның арнайы түсірілім топтары эксклюзивті хабар таратады. Сонымен қатар екі арнадан күн сайын "Олимпиада күнделігі" мен "Милан – Кортина 2026" студиялық бағдарламасы көрсетіледі.
Ал Олимпиаданың ашылу салтанаты 6 ақпан күні өтеді. Оны "Qazaqstan", "Qazsport", "Хабар" және "Jibek Joly" арналарынан тікелей эфирде көруге болады.
Италиядағы қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында екі қала - Милан және Кортина-д-Ампеццода қатар ұйымдастырылады.
Дүбірлі додада 8 спорт түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиадаға 100-ге жуық елдің 3000 спортшысы қатысады.
Қазіргі кезде Қазақстанда үш спорт түрі – шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан олимпиадалық квоталар бар.
Қысқы Олимпиада: медаль алуға мүмкіндігі жоғары спортшылардың есімі жарияланды