Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Орбан Киев сұраған қаржы Венгрияға 40 жыл бойы зейнетақы төлеуге жететінін айтты

Киев бұл қаражатты грант, қарыз және жеке инвестиция арқылы тартуды көздеп отыр
Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Украина алдағы 10 жылға сұрап отырған 800 миллиард доллар көлеміндегі қаржыға Венгрия 40 жыл бойы зейнетақы төлеп, 60 жыл бойы халықты әлеуметтік қолдау бағдарламаларын қаржыландыра алады. Бұл туралы Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан мәлімдеді.
Украинаның премьер-министрі Юлия Свириденко 3 қаңтарда Украинаға алдағы 10 жылда елді қалпына келтіруге және экономикалық өсімге 800 миллиард доллар қажет екенін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, Киев бұл қаражатты грант, қарыз және жеке инвестиция арқылы тартуды көздеп отыр.
"Біздің есептеуіміз бойынша осы сомаға Венгриядағы барлық зейнетақыны 40 жыл бойы төлеуге, ал венгр отбасыларын қолдауға арналған барлық шығынды 60 жыл бойы қаржыландыруға болады. Бұл – үлкен сома. Көптеген нөлмен аяқталатын сандарға үйренбеген адам украин шығынын жабу үшін Еуропадан қаншалықты орасан зор ақша ағылатынын шын мәнінде түсіне бермейді", — деді Орбан Kossuth радиосының эфирінде.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Батыс пен АҚШ-тан қаржылай көмек сұрады