Маңғыстау облысында автобус апатынан төрт адам қаза тапты

Жол-көлік кезінде автобус салонында 50 адам болған
Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар-Sputnik. 16 қаңтарда сағат 01:03 шамасында "Доссор-Құлсары-Бейнеу – Сайотес – Шетпе – Жетібай – Ақтау" KZ – 11 автожолының 383 – ші шақырымында жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы боды.
Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау қаласынан Бейнеу ауылы бағытында келе жатқан автокөлік жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында төрт жолаушы қаза тауып, үш адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды. Олар медициналық мекемелерге жеткізілді", - делінген хабарламада.

Жол апаты кезінде автобус салонында 50 адам болған.
"Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік құралын 1985 жылы туған жүргізуші басқарған. Ол апатты оқиға болған жерден шамамен 200 км бұрын екінші жүргізушімен ауысқан", - дейді министрлік.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Елу жолаушы мінген автобус жол апатына түсті