Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері тағайындалды

Какау Қазақстан құрамасын бұған дейін екі рет жаттықтырған
Sputnik
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Бразилиялық маман Какау футзалдан ұлттық құраманың бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан футзал қауымдастығы.
Бұған дейін Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман жаңа бапкермен алғашқы оқу-жаттығу жиындары қаңтар айының соңында өтетінін және команда жолдастық кездесулер өткізетінін атап өткен еді.
Какау Қазақстан құрамасын бұған дейін екі рет жаттықтырған. Оның жетекшілігімен құрама 2016 жылы алғаш рет Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Екінші рет 2017 жылы Какау бас бапкер қызметінде Жозе Алесионы алмастырып, ЕУРО-2018 іріктеу кезеңінде ұлттық құрамамен жұмыс істеген.
Алматыға әлемнің басты футбол олжасы әкелінеді