АСТАНА, 16 қаңтар-Sputnik. Атыраудан шығатын және Атырауға бағытталған рейстер 16 қаңтарға көшірілді. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы мәлімдеді.
Атырау әуежайындағы ұшу-қону жолағының ілінісу коэффициентінің төмен болуына байланысты 15 қаңтардағы Атыраудан және Атырауға қатынайтын кешкі рейстер 16 қаңтарға ауыстырылды. Ол:
КС 983/984 Астана-Атырау-Астана рейсі;
КС 885 Алматы-Атырау рейсі;
КС 878 Атырау-Алматы рейсі;
Ақтауға қайта бағытталған КС 904 Амстердам-Атырау рейсі.
Кешіктірілген рейстердің жолаушыларына тамақ пен сусындар беріліп жатыр.
Жолаушыларға рейстердің мәртебесін әуе компанияның сайтында немесе мобильдік қосымшасында тексеруі сұралады.️