Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украинадағы қақтығыс жақында аяқталуы тиіс - Уитакер

Sputnik
АСТАНА, 15 қаңтар - sputnik. Әлем Украинадағы қақтығыстың аяқталуына бұрынғыдан бетер жақын, деп мәлімдеді АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Мэттью Уитакер. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Бұл (Украинадағы қақтығыс .ред.) аяқталуы керек. Біз бұрынғыдан да жақынбыз", - деді ол Калифорниядағы АҚШ-тың экс-президенті Рональд Рейган атындағы президенттік қордың іс-шарасында.
Тұрақты өкіл қақтығысты шешу процесін американдық футболмен салыстырып, "қызыл аймақтағы соңғы ойын ең қиын" деп түсіндірді.
Ресей президенті Владимир Путин 2 желтоқсанда Кремльде АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнерді қабылдады. АҚШ өкілдерінің Ресейге сапары АҚШ-тың Украинадағы бейбітшілік жоспарын талқылау процесімен байланысты болды. Путин хабарлағандай, американдық тарап 27 тармақты төрт пакетке бөліп, оларды бөлек талқылауды ұсынды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресей Украина бойынша мәміле жасауға дайын деп санайды