Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Ресей Украина бойынша мәміле жасауға дайын деп санайды

Sputnik
АСТАНА, 15 қаңтар-Sputnik. Дональд Трамп Ресей Украина бойынша келісім жасауға дайын деп санайды. АҚШ президентінің Reuters агенттігіне берген эксклюзивті сұхбаты туралы РИА Новости жазды.
Агенттіктің хабарлауынша, Ақ үй басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Зеленскийге қарағанда украин қақтығысын аяқтау туралы келісімге келуге "дайын" деп мәлімдеді.

"Менің ойымша, ол келісімге келуге дайын. Алайда, Украина мәміле жасауға дайын емес", - деді Трамп агенттікке берген сұхбатында.

2 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путин Кремльде АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнерді қабылдады. АҚШ өкілдерінің Ресейге сапары АҚШ-тың Украинадағы бейбітшілік жоспарын талқылау процесімен байланысты болды. Путин хабарлағандай, американдық тарап 27 тармақты төрт пакетке бөліп, оларды бөлек талқылауды ұсынды.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков келіссөздердің мағыналы болғанын айтып, Ресей мен АҚШ байланыстары жалғасатынын мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесінде ілгерілеу бар екенін мәлімдеді