Шымкенттен Санкт-Петербургке тікелей әуе рейсі іске қосылады

Рейстер қатынауы биыл 1 маусымнан басталады
Sputnik
АСТАНА, 15 қаңтар - Sputnik. SCAT әуе компаниясы Шымкенттен Санкт-Петербургке жаңа рейс іске қосылатынын жариялады.
Тұрақты рейстер биылғы 1 маусымнан дүйсенбі мен жұма аралығында орындалады. Билет бағасы 105 мың теңгеден басталады.
Қазақстандықтарға Ресейге бару үшін виза талап етілмейді, жеке куәлік жеткілікті.
Ұшудан 72 сағат бұрын RuID мемлекеттік қызметтері арқылы QR-код қажет.
Билеттер SCAT сайтында, авиакассаларда және онлайн қызметтер арқылы сатылып жатыр.
Алматы мен Чэнду арасында тікелей әуе рейсі ашылды