Астанада ер адам арнайы жасақ қызметкеріне оқ жаудырды

21 жастағы күдікті оқиға орнынан қашып кеткен
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 қаңтар - Sputnik. Астана қаласының тұрғыны аңшылық мылтықтан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісіне оқ атқан, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Ол оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші болған оқиға туралы "102" арнасына хабарлаған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Мылтық тәркіленді", - дейді полиция.

Жәбірленуші құқық қорғау органдарының қызметкері болып шықты. Ол оқиға болған кезде еңбек демалысында болған, дейді Астана полициясы.
Ақтөбеде полиция қызметкері әріптесіне оқ атты