Қазақстан Каспий арқылы жүк тасымалын 15%-ға арттырды

Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша тасымалдауға сұраныс артқан
Sputnik
АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақтеңізкөлікфлоты былтыр Каспий арқылы контейнермен жүк тасымалдау көлемін 15% арттырды, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз.
"Ақтау - Баку - Ақтау фидерлік желісі бойынша 2025 жылы жиырма футтық эквивалентте (ЖФЭ) 59,4 мың контейнер тасымалданды. Тасымалдау көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 15% артық", - дейді компания.
Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша тасымалдауға сұраныс артқан.
"Қазақтеңізкөлікфлоты" компаниясы – сенімді теңіз логистикасы. Ол экспорттық‑транзиттік бағыттарды әртараптандырып, Азия мен Еуропа арасындағы мультимодалды тасымалды дамытып келеді.
Каспий құбыр консорциумы Новороссийскідегі терминалда мұнай айдауды уақытша тоқтатты