АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Отбасы банк зейнетақы есебінен емделуге өтінімдер қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"2026 жылғы 12 қаңтарда сағат 19.00-ден бастап enpf-otbasy.kz платформасында БЗЖ есебінен емделуге өтінімдер қабылдау тоқтатылады", - деп жазылған банктің хабарламасында.
Отбасы банкі Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, БЗЖ есебінен медициналық қызметтерді алуға қойылатын талаптарды қайта қарайды және зейнетақы артықшылықтарын мақсатсыз пайдалануды болдырмау үшін ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтайды.