АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Жедел іздестіру шаралары барысында 21 жастағы Шымкент тұрғынын өлтірді деген күдікке ілінген ер адам ұсталды, деп хабарлады қала полициясы.
Іздеу барысында полиция департаментінің барлық құрамы жұмылдырылды.
"Қалаға кіруге және шығуға бақылау күшейтіліп, жергілікті аймақтар тінтілді. Күдікті қаладан шамамен 10 шақырым жерде ашық алаңнан табылып, ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта 28 жастағы Шымкент тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұған дейін анықталғандай, күдікті қызбен таныс болған.
"Қылмыстың себебі мен мән-жайын тергеу органы анықтайды. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полиция.
Қазіргі уақытта кешенді жедел тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.