Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Зеленский Украинадағы әскери жағдайды ұзартуды ұсынды

Украинада әскери жағдай 2022 жылы 24 ақпанда енгізілді
Sputnik
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Владимир Зеленский Жоғарғы Радаға Украинадағы жалпы мобилизациялау және әскери жағдайды тағы 90 күнге ұзарту туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлады РИА Новости.
"Дүйсенбіде Украина парламентінің сайтында 3 ақпаннан бастап әскери жағдай мен мобилизациялауды тағы 90 күнге ұзартуды ұсынатын заң жобалары тіркелді", - деп жазылған материалда.
30 қазанда Зеленский Украинадағы әскери жағдай мен жалпы жұмылдыруды тағы 90 күнге, 3 ақпанға дейін ұзартатын заңдарға қол қойды.
Украинада әскери жағдай 2022 жылы 24 ақпанда енгізіліп, келесі күні Владимир Зеленский жаппай мобилизация туралы жарлыққа қол қойды.
Соғыс жағдайы кезінде 18 бен 60 жас аралығындағы ер адамдарға Украинадан шығуға тыйым салынған. Елде мобилизация кезінде әскери қызметтен жалтарғандар бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Зеленский Украинадағы қақтығыстың аяқталуына қатысты жаңа мәлімдеме жасады