"Бұлттағы биші" түсі 2026 жылғы жылдың түсі ретінде таңдалды. Pantone институты түсіндіргендей, бұл "бос кенеп", "айқындық", "жаңа көкжиектер" және "қалыптан тыс ойлауды" бейнелейтін ақ түстің ерекше реңкі.
"Бізді қоршаған какофония басым болып, ішкі дауысымызды естуге кедергі келтіріп жатыр. Қарапайымдылықтың бейнесі болып табылатын "бұлттағы биші" сыртқы алаңдаушылықтарды жою арқылы бізге басты мәселелерге назар аударуға көмектеседі", - деді Pantone түс институтының директоры Литрис Айсман.
Оның айтуынша, қазір адамдар "визуалды бейнелерден демалуды, жеңілдікті, эмоционалды алшақтықты іздейді".
"Біз жай ғана бір қадам артқа шегінгіміз келеді", - деді ол.
"Жыл түсі" қандай екенін суреттерден қараңыз.