Екі облыста жолдар жабылды

Жолдар ертең сағат 08:00-де ашылады деп жоспарланып отыр
Sputnik
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының нашарлануына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Барлық көлік түріне жабылған жолдар:
"Өскемен – Семей" автожолының 103-198 шақырым аралығы (ШҚО шекарасы – Семей қаласы);
"Өскемен – Семей" автожолының 10-103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылы – Абай облысының шекарасы);
"Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 7-166 шақырым аралығындағы учаске (Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейін).
Жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған жолдар:
"Өскемен – Риддер – РФ шекарасы" автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін);
"Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы" автожолының 1104-1191 шақырым аралығы (Глубокое ауылы бұрылысынан Шемонаиха қаласына дейін).
Шектеу енгізілген жолдардың барлығын 13 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.