Батыс Қазақстанда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері ұсталды

Олар халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетел азаматтарына көмек көрсеткен
Sputnik
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшыларының бірі және елорда тұрғыны қамауға алынды.
"Олар ақшалай сыйақыға елге халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелу үшін шетел азаматтарына көмек көрсеткен. Күдіктілер 100 млн теңгеден астам пара алғаны процессуалдық тәртіппен құжатталды", - дейді комитет.
Мемлекетке 1,9 млрд теңге шығын келген.
ҰҚК бір айда жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғады