Қазақстандық киберспортшы ең үздік ойыншы атанды

Данил Голубенко "Жыл жаңалығы" наградасына ие болды
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. 2025 жылы CS2 нұсқасы бойынша ең үздік спортшы атағы Данил Голубенкоға берілді. Бұл туралы Сybersport.ru хабарлады.
Қазақстандық киберспортшы әлемдік наградаға ие болды.
Molodoy лақап атымен танымал қазақстандық киберспортшы Данил Голубенко "Жыл жаңалығы" наградасына ие болды.
Ол сахнаға ұлттық шапан мен шықты.
"Алға, Қазақстан" деп ұран жатқан ойыншы жетістігін отанымен байланыстырды. 2025 жыл Molodoy үшін серпінді жыл болды, ол маусымның үздік 6 ойыншысының бірінің қатарына кірді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар спортшы ірі турнирлерде екі рет MVP атағын алды. CS2-нің қазақстандық өкілі халықаралық эспорт аренасында жылдың ең көрнекті ойыншыларының арасында сенімді түрде орнықты.
Қазақстандық киберспортшылар Қазанда өтетін ойындарға қатысады