АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. ЕАЭО статистикалық жылнамасына сәйкес, Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері 2024 жылы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге 21,382 миллиард доллар жұмсады.
Жылнамаға дерегі бойынша, 2020 жылмен салыстырғанда одаққа ішкі инвестициялар көлемі 26%-дан астамға өсті.
Сонымен қатар Қазақстан төрт жыл ішінде ғылым мен зерттеулерді қаржыландыруды екі есеге арттырды - 2020 жылғы 215,6 миллион доллардан 2024 жылы 467,9 миллион долларға дейін өсті.
Ресейдегі ғылыми зерттеулерге инвестиция 2020 жылдан 2024 жылға дейін 24,8%-ға өсті:
2020 - 16,326 миллиард доллар;
2024 - 20,391 миллиард доллар.
2024 жылы Еуразиялық экономикалық одақта ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізетін 5206 ұйым жұмыс істеп тұрды, оның 423-і Қазақстанда, ал 4157-сі Ресейде.