Жемқорлардан қайтарылған қаржының көлемі жарияланды

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді
Sputnik
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жемқорлардан қайтарылған қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап.
Былтыр жемқорлық бойынша 1 052 қылмыстық іс қозғалған болатын. Бүгінде 969 істі тергеу шаралары аяқталып, 860-сы сотқа жолданды.
"Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты. Ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды", - делінген ресми хабарламада.
Ал сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді.
Айта кетері, былтыр маусым айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосылған болатын.
Солтүстік Қазақстанда қайтарылған активтер есебінен ауруханаға жөндеу жүргізіледі