ЕАЭО елдерінде көші-қон ережесі қалай өзгерді

Одақта жоғары білікті мамандарды тартуға басымдық беріліп отыр
Sputnik
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. ЕАЭО мемлекеттерінде шетел азаматтарының елде болуын бақылау күшейтіліп, цифрлық құралдар енгізіліп, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік қатаңдатылып жатыр. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Көші-қон және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Алтынай Өмірбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Алтынай Өмірбекова соңғы жылдары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер көші-қон заңнамасына ауқымды өзгерістер енгізгенін айтты. Бұл өзгерістер бақылауды күшейтуге, жаңа құқықтық тетіктерді енгізуге және цифрлық шешімдерді қолдануға қатысты.
"Үш негізгі үрдісті бөліп көрсетуге болады: шетел азаматтарының елде болуын бақылауды күшейту, заңсыз көші-қонмен күрес және көші-қон есебі жүйесіне цифрлық технологияларды енгізу. Сонымен қатар, елдер жоғары білікті мамандарды тартуға басымдық беріп, бұл үшін қолайлы жағдайлар жасап отыр", - деп атап өтті ЕЭК өкілі.
Тоқаев ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшыларына үндеу жолдады