АЛМАТЫ, 6 желтоқсан – Sputnik. Президент 2026 жылды цифрландыру және жасанды интеллект жылы етіп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Жарлықтың мақсаты – цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру.
"2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын", - делінген құжатта.
Мемлекет басшысы жарлықтың орындалуын бақылауды президент әкімшілігіне тапсырды. Ол қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.