Ақмола облысында құны 300 млн теңгеден асатын жер мемлекетке қайтарылды

Жергілікті атқарушы органдарға қайтарылған жерлерді адал тұрғындар мен бизнес субъектілеріне беру ұсынылды
Sputnik
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Прокуратура Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтарды, деп хабарлады бас прокуратура.
2025 жылдан бастап Біржан сал ауданының прокуратурасы "Пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтару" жобасын іске асырып жатыр.
Қадағалау іс-шаралары барысында жер учаскелерін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланбай, Жер кодексінің талаптарын бұзған жер пайдаланушылар анықталды.
"Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жалпы кадастрлық құны 332,5 млн теңгені құрайтын 23,3 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Жергілікті атқарушы органдарға қайтарылған жерлерді адал тұрғындар мен бизнес субъектілеріне беру ұсынылды.
Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды ерікті түрде қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.
Құны 600 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды