АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украинаның "бір сәтте" келісімге келетініне сенімді, деп хабарлады РИА Новости.
"Бір сәтте, тым алыс емес болашақта деп үміттенемін", - деді ол журналистерге.
Сонымен қатар АҚШ президенті Украинадағы қақтығысты шешудің шекті мерзімін белгілемейтінін мәлімдеді.
Дональд Трамп АҚШ Киевпен минералды келісім арқылы Украинаға салынған ақшаның айтарлықтай бөлігін қайтарады деп санайды.
"Мен Украинаға жұмсалған ақшаның айтарлықтай бөлігін қайтарып алдым. Себебі біз сирек кездесетін металдар туралы келісім жасадық. Осылайша біз бұл ақшаның көп бөлігін, мүмкін бәрін, тіпті одан да көп қаражатты қайтарамыз", - деді ол тілшілерге.