Алматы мен Чэнду арасында тікелей әуе рейсі ашылды

"Алматы - Чэнду" арасындағы тікелей әуе қатынасы аптасына екі рет - сейсенбі және сенбі күндері орындалады
Sputnik
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. 30 желтоқсанда Алматы халықаралық әуежайы Air China әуекомпаниясының Чэнду – Алматы бағыты бойынша жаңа рейсін салтанатты түрде қабылдады, деп хабарлайды Алматы әуежайы.
Ұшақ Қытайдың Чэнду Тяньфу халықаралық әуежайынан келді.
Алматы - Чэнду арасындағы тікелей әуе қатынасы аптасына екі рет - сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Рейстер Airbus A320 ұшақтарымен жүзеге асырылады.

"Алматыдан ұшу уақыты — 21:30, ал Чэндуға келу жергілікті уақыт бойынша келесі күні таңғы 04:30-да жоспарланған. Чэндудан Алматыға дейінгі ұшу шамамен 3,5 сағатқа созылады, ал кері бағыттағы рейстің ұзақтығы бес сағатқа жуық", - дейді әуежайда.

Жаңа бағыттың ашылуы – ауысып мінетін рейстермен салыстырғанда жол жүру уақытын кемінде жеті сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
Грузияға қатынайтын жаңа рейс іске қосылды