АЛМАТЫ, 3 қаңтар - Sputnik. Шымкентте 29 дүкен азық-түлік бағасын негізсіз қымбаттатып сатқан, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау мақсатында қаладағы сауда орындарында мониторинг жүргізілді.
"Аудан аумағында 253 дүкенге мониторинг жүргізіліп, 29 дүкенде баға үстемақысы 15 пайыздан асқаны анықталды", - дейді әкімдік.
10 дүкеннің иесіне ескерту беріліп, 13 дүкенге айыппұл салынды. 6 дүкен бойынша шара қабылдануда.