АСТАНА, 2 қаңтар-Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың көлемді сұхбаты жарияланатынын жазды.
"5 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетінінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлына берген ауқымды сұхбаты жарияланады", - деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайын жаңа жылда берілетін сұхбаты дәстүріне айналуда. 2025 жылы президент "Ана тілі" газетіне сұхбат берген болатын.