Таразда жаңа жыл түні 100 адам үйінен эвакуацияланды

Зардап шеккендер жоқ
Sputnik
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Тараз қаласында өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
31 желтоқсан күні сағат 22:18-де бес қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы балконда өрт шығып, кейін өрт ғимараттың бүкіл шатыр аумағына таралған.
Таразда тұрғын үйден өрт шықты
Өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте шатырдың толық жанып жатқаны белгілі болған.
"Жамбыл облысының ТЖД күштері 100 адам, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады. Тұрғындар үшін алдымен арнайы автокөлік базасында, кейін жақын маңда орналасқан мектеп ғимаратында жылыту пункті ұйымдастырылды", - деп жазылған хабарламада.
Өрт 00:13-те толық сөндірілді, алдын ала мәлімет бойынша жалын 900 шаршы метр аумаққа шарпыған. Өртті сөндіруге 62 адам және 22 бірлік техника жұмылдырылды.
Таразда тұрғын үйден өрт шықты
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.