Кентауда көпқабатты үйде жарылыс болды – бір адам көз жұмды

Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді
Sputnik
АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Кентау қаласында көпқабатты үйде орналасқан қоғамдық тамақтану орнында газ жарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Төтенше оқиға бүгін түнде болған. Бірінші қабаттағы қоғамдық тамақтану орнында газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты.
"Оқиға орнында 1 адам қаза тапты. Тағы 4 адам ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр",-делінген ресми хабарламада.
Оқиға орнына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров барып, жағдайды жеке бақылауына алды. Жедел штаб құрылды.
Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталды.
Жаңаөзенде тұрғын үйде газ жарылып, екі адам зардап шекті