Ұлттық ұлан Қазақстан халқын Жаңа жылмен ерекше құттықтады (ВИДЕО)

Астанада қызметтік автокөліктер бір сәтте сап түзеді
Sputnik
АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық ұлан Жаңа жыл қарсаңында ерекше мерекелік акция өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Астанада қызметтік автокөліктер бір сәтте сап түзеп, өткен жылды бейнелейтін 2025 санын бейнеледі. Одан кейін 5 саны 6-ға ауысып, әсерлі композиция болып шыға келді.
"Аталған бастама Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жоғары ұйымдастырушылық деңгейін, темірдей тәртібін және болашаққа сеніммен қадам басуға дайын екенін көрсетті", - дейді ұландықтар.
Сарбаздар алдағы жылы да азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы жауапты міндеттерді абыроймен атқаруға дайын.