АСТАНА, 31 желтоқсан – Sputnik. "ҚазАвтоЖол" ауа райына байланысты тағы екі облыста жол жабылғанын хабарлады.
2025 жылдың 31 желтоқсанында сағат 19:00-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу енгізіледі:
Ақмола облысы:
"Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы" автомобиль жолының 32-92 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін);
Қарағанды облысы:
"Астана – Қарағанды (айналма жолымен) – Алматы" автомобиль жолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін);
Жолды 2026 жылдың 1 қаңтарында сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұған дейін 4 облыстағы 5 республикалық жолда көлік қозғалысына шектеу енгізілген болатын.