Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы құрметіне мемориалдық тақта ашылды

Батырдың туған жерінде еске алу шарасы өтті
Sputnik
АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысы Жуалы ауданының Бауыржан Момышұлы ауылында салтанатты іс-шара өтті.
Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы құрметіне мемориалдық тақта ашылды
Даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы 115 жылдығына арналған жиында қорғаныс министрі Дәурен Қосанов мемориалдық тақтаны ашты.
"Қазақстандықтар ержүрек жауынгерлер мен Бауыржан Момышұлының ерлігін ұмытпайды. Оған Халық қаһарманы атағының берілуі – халықтың батырдың ерлігіне деген зор құрметінің айқын көрінісі", - деді Қосанов.
Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы құрметіне мемориалдық тақта ашылды
Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылдың 25 желтоқсанында Ұлы Отан соғысындағы көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Бауыржан Момышұлына (қайтыс болғаннан кейін) Халық қаһарманы атағы беріліп, ерекше айырым белгісі – Алтын Жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылды.