АСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Ауыр қылмыстарға қатысы бар Ресей азаматын Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Ол 2022 жылы Алматыда азаматтарды ұрлауға және олардың мүлкін күштеп тартып алуға қатысты деген күдікке ілінді.
"Қаскүнем үш жылдан астам уақыт бойы жасырынып, халықаралық іздеуде болған. Биыл қыркүйек айында ол Грузияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.