АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленскийдің Флоридада жексенбіге жоспарланған кездесуінің уақыты өзгертілгенін мәлімдеді. Кездесу Астана уақытымен 23:00-де басталады.
Бұған дейін Ақ үй Трамптың Зеленскиймен кездесуі Флоридада жексенбі күні түс ауа сағат үште (Астана уақытымен дүйсенбіге қараған түні 01:00) кездесетінін хабарлаған болатын.
"Жаңартылған кесте бойынша: түскі сағат бірде (Астана уақытымен жексенбі сағат 23:00) президент Украина президентімен екіжақты кездесуге қатысады", – делінген Ақ үйдің хабарламасында.
Кездесу Флорида штатының Палм-Бич қаласында өтеді. Бұл жерде Трамптың гольф-клубы мен жер меншігі орналасқан.