АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. Рейтер агенттігі Владимир Зеленскийдің Еуропа көшбасшыларымен өткізетін кездесуіне АҚШ президенті Дональд Трамптың қатыспайтынын хабарлады, деп жазады РИА Новости.
Бұған дейін Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Трамп, Зеленский мен Еуропа көшбасшыларының сенбі күнгі кездесуіне қатысады деген ақпарат болған.
"Зеленский сенбі күні Еурокомиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен мен Еуропаның басқа көшбасшыларымен телефон арқылы сөйлеседі", - делінген агенттіктің материалында.
Автор осы жолы да Еуропалық комиссияның бір өкіліне сілтеме жасап отыр.
Ал Axios порталының тілшісі Барак Равид күні кеше украиналық шенеунікке сілтеме жасай отырып, Трамптың Зеленскиймен Мар-а-Лагодағы резиденциясында 28 желтоқсанда, жексенбі күні кездесетінін хабарлады.
Бұған дейін АҚШ әкімшілігі Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша жоспардың әзірленгенін мәлімдеген болатын. Кремль келіссөздерге ашық екенін хабарлаған.