"Болашақ" стипендиясының иегерлері анықталды

Стипендиаттардың 69,8%-ы жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша, ал 30,2%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды
Sputnik
АСТАНА, 27 желтоқсан – Sputnik. "Болашақ" халықаралық стипендия иегерлерінің тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Республикалық комиссияның шешімімен биыл 225 адам стипендия иегері атанды. Олар:
магистратураға 152 адам;
докторантураға 16 адам;
кәсіби тағылымдамаға 57 адам.
Стипендиаттардың 69,8%-ы жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша, ал 30,2%-ы қоғамдық-гуманитарлық бейін бойынша оқиды.
Бұдан бөлек, тағы 182 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия тағайындалды.
Айта кетері, грант иегерлерінің тізімі Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми сайтында жарияланған.
"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды