АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен жуық арада кездесетінін айтты.
"Президент Трамппен жақын арада ең жоғары деңгейде кездесу өткізуге келістік. Жаңа жылға дейін көп нәрсе шешілуі мүмкін", — деп жазды Зеленский өзінің Telegram каналында.
Бұған дейін АҚШ әкімшілігі Украинадағы жағдайды реттеу жоспары әзірленіп жатқанын хабарлаған болатын. Кремль Ресей келіссөзге ашық екенін мәлімдеп, Анкоридж форматындағы келіссөздер аясында диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Ресей президенті Владимир Путин 2 желтоқсанда Кремльде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффты және АҚШ басшысының күйеу баласы Джаред Кушнерді қабылдады.
АҚШ өкілдерінің Ресейге сапары Украина бойынша АҚШ-тың бейбітшілік жоспарын талқылау процесімен байланысты болды. Путиннің айтуынша, америкалық тарап 27 тармақты төрт пакетке бөліп, оларды жеке-жеке талқылауды ұсынған.